Ордабасы: аудандық орталық аурухана заманауи магниттік-резонанстық томография (мрт) аппаратымен толықты

0

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында заманауи аппарат UMR магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараты “Shanghai United Imaging Healthcare Co., Ltd” Қытай елінде өндірілген медициналық құрал жабдығы халық игілігіне қаңтар айының 15-нен бастап пайдалануға берілмек. Магниттік-резонанстық томография келесі ауруларды диагностикалауда қолданылады:

қалқанша безі;

бауыр;

өт қабы мен жолдары;

ұйқы безі;

бүйрек;

көкбауыр;

буындар;

жұлын;

бас, мойын, құрсақ аймағының тамырлары;

жамбас мүшелері;

жұмсақ тіндер және т.б.

«МРТ» әдісі көбінесе неврология және нейрохирургияда қолданылады, өйткені ми мен жұлынның органикалық аурулары кезінде ең ақпараттық зерттеу әдісі болып табылады.

Диагностиканың нәтижелері зерттелген органдардың жұмысындағы ауытқуларды жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған аппаратпен жұмыс істеу мақсатында, Алматы қаласынан мамандар келіп практикалық тәжірибе алмасу жұмыстары өтуде, аудандық орталық аурухананың бірнеше дәрігері оқытылуда.

Енді алдағы уақытта аудан тұрғындары үшін ауданнан шықпай-ақ диагностикалық қызметті алу мүмкіндігі туындап отыр.

Аудан тұрғындарын қолжетімді (МРТ) зерттеулерге учаскелік дәрігердің жолдамасы арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, қажет болған жағдайда жедел әрі ақылы түрде тексерілуіне мүмкіндігі бар.


ПІКІР ЖАЗУ