Ордабасы: аудан әкімі бөлімдерді қабылдады

0

Аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар орталығының жылдық жоспарын талқылау мақсатында жиын өткізді.

Жиында бөлім басшысы Нуридин Асанбаев 2025 жылға арналған негізгі бағыттар мен іс-шаралар жоспарын таныстырды. Жоспарда мәдени іс-шараларды көбейту, ұлттық спорт түрлерін дамыту және мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету мәселелерін баяндады.

Сонымен қатар, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты насихаттау, спорттық инфрақұрылымды жаңарту және талантты жас спортшыларды қолдау бойынша жаңа бастамалар ұсынылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев спорттық секциялардың қолжетімділігін арттыру, мәдени мұра нысандарын сақтау, және тілдерді үйрету курстарын кеңейту қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша бөлімге нақты тапсырмалар беріліп, белгіленген жоспарлардың сапалы орындалуын тапсырылды.

Жоспарлар талқыланып, биылғы жылы жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралар мен жобаларға басымдықтар анықталды. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастардың белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты мәселелер қамтылды.

Сонымен қатар, аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуы мен жастардың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті. Әр бөлімге нақты тапсырмалар жүктеліп, жоспарлардың орындалу сапасы тұрақты бақылауда болатыны айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ