Ордабасы: аудан әкімі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмыс жоспарын талқылады

0

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында іске асырылатын жобаларды талқылау және қабылдау жөніндегі жиын өткізді.

Жиын барысында ауданның инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік және экономикалық нысандардың құрылысын жүргізу, сондай-ақ заманауи сәулет талаптарына сай жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Жиналыста Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов баяндама жасады.

Талқыланған негізгі жобалар:

Тұрғын үй құрылысы – халықтың баспана мәселесін шешуге бағытталған көпқабатты үйлердің салынуы. Әлеуметтік нысандар – мектептер, мәдениет үйі және спорт кешендері мекемелері. Аудан  құрылысының жаңа жоспарлары – демалыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту.

Бұл жобалардың сәтті іске асуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, ауданның экономикалық өсуіне серпін береді деп күтілуде.

Аудан басшысы өз сөзінде ауданның дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі және сапалы жобалардың маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында әрбір жоба бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.  Сонымен қатар, ауданның көріктілігін арттыратын жаңа сәулет шешімдерін қолдану қажеттігі айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ