Ордабасы: бөлім басшысының 2025 жылға атқаратын жұмыстарының есебін тыңдады
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға міндеттер бойынша жиын өтіп, бөлім басшысы Ардақ Талдыбаев және «Мансап орталығы» филиалының директоры Дінислам Абдихаймов баяндамаларын жасады. Ағымдағы жылға жоспарланған жобалары мен бастамаларын талқылады. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— Жұмыспен қамту шаралары: Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы бастамалар.
— Әлеуметтік бағдарламалар: Аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарды қолдауға арналған бағдарламалар.
— Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру: Жергілікті халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктері.
— Жастарды жұмыспен қамту: Жастарға арналған арнайы жобалар мен бағдарламаларды жастарға жеткізу мәселелері айтылды.
Сонымен қатар, «Мансап орталығы» жұмысының тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды қолдану, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және халықпен кері байланысты нығайту мәселелері де сөз болды.
Бөлім басшысының есебін тыңдаған аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтатын болсақ, ауыл округ әкімдерімен тиісті бөлімдермен бірлесіп, қадамдық іс-шаралар жоспарын бекітіп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.