Ордабасы: кәсіпкерлік бөлімінің алдағы атқаратын жоспарлары
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев кәсіпкерлік бөлімінің ағымдағы жылға арналған жоспарларын және іске асатын жобаларды талқылады. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жобалар қарастырылды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Патима Ташимованың баяндамасы бойынша негізгі бағыттар мен басымдықтар мыналар болды:
- Шағын және орта бизнесті қолдау
— Жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу және жұмыс орындарын құру.
- Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
— Ауданға жаңа инвесторларды тарту.
— Өндіріс, өнеркәсіп салаларына бағытталған жаңа жобаларды қолдау.
- Инфрақұрылымды дамыту
— Индустриялық аймақтар мен кәсіпкерлік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
- Кәсіпкерлік білім беру
— Жастар мен бастауыш кәсіпкерлерге арналған тренингтер ұйымдастыру.
Аудан әкімі Азат оралбаев осы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде орындалу мерзімдерін нақтылап, әр жобаға жауапты тұлғаларды бекітуді тапсырды. Сонымен қатар, нәтижелерді тоқсан сайынғы есептер арқылы бақылап отыруды міндеттеді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік инфрақұрылымын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Аудан басшысы кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жоспарланған жобалардың уақытында әрі сапалы жүзеге асуы ауданның экономикалық өсіміне оң ықпал ететіні баса айтылды.