The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Тұранда жол құрылысы қарқынды жүруде

Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданындағы жол құрылысы қарқынды жүруде. Сала мамандары құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков аталған шағынауданға барып, құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады.

Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Былтыр түркістан облысында «сақалды» құрылысқа айналған 44 табиғи газ нысаны іске қосылды

admin

Түркістанда жөндеуден өткен футбол алаңы жарамсыз күйге түскен

admin

Түркістан облысында диқандар қауындарын сата алмай, малға беруге мәжбүр

admin