Шардараға облыс әкімінің орынбасары іссапармен келді

0

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Шардара ауданына іссапармен келіп, бірқатар нысандармен танысты. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, Шардара су қоймасының ағын су босату нүктесін көрсетіп, ағын су және егістік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, ауданда салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС крахмал-сірнесін шығару зауытының құрылыс жұмыстарын қарап, инвесторлардың уәжін тыңдады. Бүгінгі таңда зауыттың 70% құрылысы аяқталған. Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдігінде аудан шаруаларымен кездесіп, ағын су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді субсидиялау,инвестициялық субсидиялау және өзге де қолдаулар бойынша баяндамалар жасалып, түсіндірілді.

Кездесуде шаруалар шегірткімен күрес жайын көтергенде Н.Тұрашбеков оған дайындық күшейтіліп жатқанын айтып, қосымша техника алынып, 800 дей адам жұмылдырылып жатқанын жеткізді, былтырғы қателіктерді жібермеуге тырысатындығын айтты. Бұдан бөлек, кезекті ағын суға субсидия алу мәселелері, аудандағы 11 АӨК госагроға енгізу арқылы диқандарды тікелей Казсушар мекемесімен келісімшартқа тұрғызу, мақта шиті және несиелендіру секілді сұрақтарға жауап беріп, күрмеулі мәселелерді шешу үшін жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.


ПІКІР ЖАЗУ