Сайрам: кезекті аппараттық мәжілісте индикаторлық жоспарлардың толық орындалуы керектігі айтылды

0

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кезекті аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 2024 жылғы меморандум көрсеткіштерінің орындалуы және 2025 жылға арналған жоспарлары жайлы мәселелер көтерілді.  

Бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндама жасады. Және жыл қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің болжамды орындалуына, бюджеттік түсімдердің өткен жылдың осы уақытымен салыстырғандағы өсу барысы бойынша әр салаға жеке-жеке  тоқталды.

Сондай-ақ 2025-2030 жылдарға экономикалық көрсеткіштер өсімін қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті.

Аудан басшысы индикаторлық жоспарлардың орындалуы туралы өз деңгейінде жұмыс жүргізбей жатқан әрбір сала, бөлім басшыларын сынға алып, тиісті жұмыстарды толық орындауды және инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін тапсырды.

Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімдері мен коммуналдық сала қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс атқаруы, Қарасу ауылындағы 57 га аумаққа салынатын құрылыс нысандарының инфрақұрылым жүйелерімен қамтылуы, Арыс өзені су арнасының бақылануы, көкпар ойындарын өткізу бойынша күнтізбелік жоспар түзу және мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын бекіту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. 

Жиын барысында аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселелер бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді. Және индикаторға жауапты салалық бөлім басшыларына 2024 жылдың қорытындысымен экономикалық көрсеткіштердің жоғарғы өсім деңгейі мен жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қабылдауды, тиісті есептіліктердің орындалуын статистика органына мерзімінде тапсырылуын жүктеді.


ПІКІР ЖАЗУ