Сайрам ауданында электр желілері жаңғыртылуда

0

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың қалыпты өмір сүруі мен кәсіпорындардың тұрақты жұмысына әсер ететін жайттар жетерлік. Соның бірі – электр энергиясының үздіксіз берілуі. 2024 жылы Сайрам аудандағы бірқатар елді мекенде электр желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жоғары кернеулі ВЛ-10 кВ әуе желісі бойынша Манкент ауылында 109 темірбетон бағанасы орнатылып, 3 шақырым әуе желісі жаңартылды.

Аудан аумағында төмен кернеулі ВЛ-0,4 кВ әуе желісі бойынша жалпы саны 572 темірбетон бағана орнатылып, 14,782 шақырым әуе желісі ауыстырылды. Атап айтқанда Қарамұрт ауылында 4,300 шақырым, Ақсукент ауылында 4,932 шақырым, Таскешу ауылында 4,05 шақырым және Ақбай ауылында 1,500 шақырымды құрайтын әуе желісі жаңартылды. 

Сонымен қатар, КТП-10-6/0,4кВ  бойынша жалпы саны 10 дана қосалқы трансформатор жаңартылды.  Тозығы жеткен сымдарды жаңа өздігінен оқшауланатын сыммен 10,765 шақырым төмен кернеулі ВЛ-0,4 кВ әуе желісі ауыстырылып, 374 дана темірбетон бағаналары жаңартылса, электр қуатын сапасын жақсарту мақсатында Қарабұлақ ауылында қуаттылығы 160кВА-ны құрайтын 2 дана қосалқы трансформатор және Манкент ауылында қуаттылығы 160кВА-ны құрайтын 1 дана қосалқы трансформатор орнатылды.

Өңірдегі электр энергиясының сапасын жақсарту мақсатында 2025 жылғы инвест бағдарламаға  Қарамұрт, Ақсукент, Таскешу және Ақбай ауылдарында электр желілерін жаңарту енгізілді. Бұдан бөлек, Қарамұрт, Манкент, Жібек Жолы, Ақсукент, Қарабұлақ және  Көлкент ауылдарында КТП-10-6/0,4кВ қосалқы трансформатор жаңартылатын болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Көлкент, Ақсукент, Сихым ауылдарында тозығы жеткен сымдарды жаңа өздігінен оқшауланатын сыммен (СИП) төмен кернеулі ВЛ-0,4 кВ әуе желісі ауыстырылып, темірбетон бағаналар жаңартылуы жоспарлануда.


ПІКІР ЖАЗУ