The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам ауданында 527 гектар жайылымдық жер ортақ пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мал ұстайтын фермер мен ауыл тұрғындарының жайылым жерлерге қол жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Осы орайда Түркістан облысының Сайрам ауданында ортақ жайылым жерді қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 

2024 жылы жайылымдарды қайтару бойынша Сайрам ауданына 500 гектар  қайтару жоспары бекітілген. Жыл қорытындысымен 527 га жайылымдық алқап қайтарылып, жоспар толығымен орындалды. Қайтарылған жайылымдық жер учаскелері Ақбұлақ, Арыс, Көлкент, Қайнарбұлақ, Қарасу, Қарамұрт, Жібек жолы ауылдық округтерінің тұрғындары үшін ортақ жайылым ретінде тұрақты пайдалануға берілді.  

Сонымен қатар, аудан көлемінде жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу, заңсыз иелену мен өз бетінше тұрғын үй құрылысын жүргізу деректерінің нақты санын анықтау мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қаңтар – наурыз айларында аудан аумағында жүргізілген түгендеу шаралар нәтижесінде, жер учаскелерін заңсыз иелену мен өз бетінше тұрғын үй құрылысын жүргізген 1 331 заңсыз құрылыстар анықталған. Бүгінгі таңда жауапты органдар тараптарынан тексеру, зерделеу және айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауға ҚР парламенті мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен келді

admin

Абай ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

admin

Темірлан тас жолындағы кәсіпкерлік нысандар жаңартылады

admin