The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сарыағаш: тұрғындарды алаңдатқан мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған  20  тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары,аудан әкімі аппарат басшысы,  дербес бөлім басшылары, қала  және  ауылдық округ әкімдері  қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар: әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегі, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Арман Абдуллаев  жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азамат жұмысқа қайта орналасу мәселесі бойынша келгенін жеткізіп, аудан басшысы тиісті бөлімге заң аясында  тапсырмалар жүктеді.

Қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі, заңдылыққа сәйкес жауап беріп, алаңдатқан мәселелер бойынша сала басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне  тапсырмалар жүктеп, хаттамаға енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Cуға батып бара жатқан спортшыны құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

admin

Көшербаев БАӘ елшісімен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

admin

Жетісуда ірі есірткі нүктесі жойылды: 111 орама гашиш тәркіленді

admin