Сарыағаш: кезектен тыс сессия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXVIII сессия отырысына қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі Сарыағаш аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарыағаш аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау және №650 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыру мақсатында аудандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынған кандидатураларының құжаттарын жинау, қарау және өңдеу, тиісті құжаттарды сессия қарауына әзірлеу үшін құрылған уақытша комиссия төрағасы Шермат Ибрагимовтың баяндамасы тыңдалды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Омархан Ыбрай және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жәнібек Әжібеков халық қалауларының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сессия соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттары бірауыздан шешім қабылдады.