The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сарыағаш: Арман Абдуллаев тұрғындармен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев  Құркелес ауылдық округ тұрғындарымен  кездесті. Көшпелі  кездесуге  аудан әкімінің орынбасары  Алдияр Қозыбаев, ауданның білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов, аудандық орталық аурухананының бас дәрігерінің орынбасары  Дәурен Әліпбаев, ауылдық округ әкімі Мейіржан Тұрсынқұловтар қатысты.

Тұрғындар ауылдық  округ аумағына  дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйін және  спорт кешенін салу бойынша өтініштерін жеткізді.

-Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,-деп аудан басшысы  тұрғындар тарапынан айтылған  мәселелердің  шешілу жолдарын қарастырып, ашық форматта пікір алмасты. Мәселелердің  әрбіріне жеке-жеке тоқталып, заңға сәйкес тиісті жауап берді.

Айта кетсек, 2024 жылы Сарыағаш ауданында «Ауыл- ел бесігі »бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, спорт  кешендері және кітпаханамен мәдениет үйі  тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулықты сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданға  елді мекеніндерде  дәрігерлік емханалар ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Суицид пе, қастандық па: ата-ана қызының өліміне күйеу баласынан күдіктеніп отыр

admin

Көкшетауда балабақша басшылығы қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны төлемеген

admin

Түркістан: саурандық кәсіпкерлер Шардараға барып, балық шаруашылығын дамыту жолдарын үйренді

admin