The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев Оранғай ауылдық округіндегі төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары барысымен танысты

Күні кеше Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев Оранғай ауылдық округінде жүргізіліп жатқан төтенше жағдайдың алдын алу шараларымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен барды. Аудан басшысының орынбасары аймақтағы су шаруашылығы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.

Оранғай ауылдық округінде қазіргі таңда су тасқынының алдын алу үшін бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Байылдыр – Қарашық өзенінің арнасы ретке келтіріліп, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар өзен арнасында су ағысының дұрыс бағытта жүруін қамтамасыз етіп, су тасқынының алдын алуға септігін тигізеді.

Ербол Жанғазиев, өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын бақылау аясында: «Бұл шаралар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Су арналарын реттеу мен тазалау жұмыстары өз уақытында және сапалы жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті.

Сауран ауданы әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмыстары арқасында аймақтағы су тасқынының қауіптері азайып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірмей, табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар қызын зорлады деген күдікпен өгей әке ұсталды

admin

Алматыда белгісіз біреу әйелдерге шабуыл жасап жүр

admin

ТҮРКІСТАН: биыл Сайрамда заманауи құрама жем өңдеу зауыты іске қосылады

admin