The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жетісайда жыл соңына дейін 21 елді мекен газға қосылады

Өткен жылдың соңғы күндерінде Ж.Ералиев ауылдық округінің Абай елді мекені, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Қызылту, Қарасақал елді мекендері көгілдір отынға қосылған Жетісай ауданында тағы бір елді мекен тұрғындары табиғи газ тұтыну мүмкіндігіне ие болды.

472 тұрғыны бар Қызылқұм ауылдық округінің Түркебай елді мекеніндегі газдың ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Қахарбай Исаев пен ауыл тұрғындары қатысты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында

Елді мекендердегі ескірген электр бағаналарын жаңарту, электр қуатының жетіспеушілігін болдырмау бағыттары бойынша жұмыстардың күшейтілгеніне, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылғанына, ішкі және қалааралық, ауданаралық жолдардың жөнделіп жатқанына алғыстарын айтқан ауыл ақсақалдары баталарын берісті.

Жүргізіліп жатқан қарқынды жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Әбдіхалық, Мырзашөл және Атақоныс елді мекендерін, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жетіқазына, Бәйтерек және Сейфуллин елді мекендерін, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Мақталы, Алмалы, Жібек жолы, Теміржол елді мекендерін, Қызылқұм ауылдық округінің Датқа, Ақтөбе, Жалпаққұм, Алғабас, 1-мамыр, Қосқұдық, Мақталы елді мекендерін, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті елді мекенін табиғи газға қосу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесті

admin

Ұлттық ұлан жауынгерлері 6 мыңға жуық адамды эвакуациялады

admin

«Шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс». Депутат су тасқынына кінәлілер туралы айтты

admin