Бәйдібек: мәжіліс депутаты Бәйдібек ауданында

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, МӘЖІЛІСТЕГІ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СОТ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМА КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ НҰРСҰЛТАН БАЙТІЛЕСОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА КЕЛДІ.
Сапар барысында Шаян елді мекеніндегі №1 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып, жасөспірімдердің спортпен шұғылдану жағдайларын көріп, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Ол жастардың денсаулығын нығайту мен спортқа деген қызығушылығын арттыруда осындай нысандардың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, С.Әбдіжаппаров атындағы мектепке барып, білім беру сапасы мен оқу процесі талқыланып, мектеп ұжымымен және оқушылармен кездесу өтті. Н.Байтілесов білім беру саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді.
Кездесу Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында жалғасып, Н.Байтілесов медициналық қызмет көрсету сапасымен, аурухананың материалдық-техникалық базасымен танысты. Сапар соңында медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Бұл сапардың басты мақсаты – ауданның әлеуметтік нысандарын аралап, олардың жұмысын жақсарту үшін қажетті қолдауды қамтамасыз ету болды