Түлкібаста өнеркәсіп саласын дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында ауқымды шаралар атқарылмақ
Бүгін «Састөбе инновациялық кешені» және «Стандарт пауер» ЖШС-і өкілдері аудан әкімі Аскар Естибаевтың қабылдауында болып, жоспарланған жобаларын таныстырды.
Жылына 1 млн.тонна цемент, 400 мың тонна әк және басқа да құрылыс пен өнеркәсіп саласына аса қажетті материалдарды өндеуді жоспарлап отырған кәсіпорындар 2026 жылы іске қосылуды көздеп отыр. Жалпы құны 299 млрд.теңгені құрайтын жобалар толығымен іске асқан жағдайда 1200 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Басқосуда кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаулары жайында сөз қозғалып, құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
Асқар Сұлтанұлы, кәсіпорындар іске қосылған жағдайда ашылатын тұрақты 1200 жұмыс орнына жұмысшының басым бөлігін аудан азаматтарынан болуын және де Қытай еліне жаңа технологияларды меңгеру мақсатында қысқа мерзімді оқу курстарына баратын 30 маманды сол маңдағы ауыл тұрғындарынан жіберу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, құрылыс науқаны уақытында мердігер компанияларды ауданға тіркетіп, жергілікті бюджетке салық түсіру, құрылыс кезінде ауыл азаматтарын барынша жұмысқа тарту, Кершетас ауылында балалар ойын және спорт алаңшасын салу, күре жол бойындағы «Түлкібасы-құт мекені» жазуын заманауи үлгіге сай қайта орнату және Састөбе кентін жедел-жәрдем автокөлігімен қамту бойынша демеушілік көмек беру мәселесі келісілді.