Түркістан облысында тік дренажды ұңғымалар жаңартылуда

0

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кезекті жұмыс сапарында Жетісай және Шардара ауданында “Ислам Даму” банкінің қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылып жатқан 512 тік дренаж ұңғымаларында атқарылған жұмыстарды бақылап, мердігерлермен жиналыс өткізді.

“Қазсушар” РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаев жоба бойынша күтілетін нәтижеге тоқталып, жұмыс есебін ұсынды.

Соңғы 10 жылда табысы мен күнкөріс көзі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Мамандар мұны аудан аумағындағы 380 тік дренажды ұңғыманың 210 данасының істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен байланыстырған болатын.

Ауданда қазіргі таңда 16 010 гектар аумақта орналасқан 97 тік дренаждың құрылысын “Киікбай Строй Сервис” ЖШС жүргізуде. Суармалы жердің 19 911 гектарына 113 дренаж орнату міндеті “Арт-Құрылыс” ЖШС мекемесіне тапсырылған.

Шардара ауданында жалпы тік дренаждар саны – 302. Тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру «Ислам Даму» банкі арқылы қаржыландырылып, жүзеге асуда. Бүгінге дейін жаңадан  229 тік дренажды ұңғыма қазылды. Жұмыстар өндірістік кестеге сай жалғасуда.

Нұрбол Тұрашбеков сала мамандарына жобалардың сапасына баса мән беруді ескертіп, жұмысты ширатуды тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ