The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Түркістанда Түркістан музыкалық драма театрының жас әртісі Мұзафар Ғалымжанұлының алғашқы спектаклі көрерменге жол тартты. «Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасына жиналған көрермен нәзік сезімге негізделген шығармашылық әлеммен танысты.

Қойылымның көтерер тақырыбы да өзекті. Тіршіліктің қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген қаншама жан бәз біреудің босағасында пәтер жалдап күн кешуде. Жалдамалы пәтер жанға сая бола ма? Ал егер ол үйден күтпеген жерден тағдырыңды жолықтырсаң ше? Жұмбақ жағдайда танысқан қыз бен жігіттің арасын өнерге деген құштарлық жақындата ала ма? Махаббат хикаясының әрі қарай қалай өрбитінін театрдан тамашалауға болады.

Басты рөлдерде Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды театрдың әртістері ойнайды.

Қойылымның композиторы – Ербол Нариманұлы, көркемдік жетекшісі – Мадина Мұратпекова. Авторы әрі режиссері – Мұзафар Ғалымжанұлы.

Музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған қойылым 19 қаңтар күні де саханаланады. Билеттер тикетон сайтында және театр кассасында сатылады. Байланыс нөмірі: +7 707 145 17 17

Ұқсас жаңалықтар

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты

admin

Заң және тәртіп тақырыбында өткен семинар

admin

Қазақстандағы туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жалғыз бейінді оқу орны Түркістан қаласында

admin