The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылды

2024 жылдың қорытындысымен Түркістан облысында құрылған кооператив саны 62-ні құрады. Оның 37-і қаржыландырылып, нәтижесінде 23 кооператив қызмет көрсету үшін техникалар сатып алды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды.

Сонымен қатар, 14 кооператив қайта өңдеу цехтарын іске қосты. 148 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау ісі биыл да жалғасын табады.

Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша І кезеңге 14 жоба ұсынылып, 166 шақырым су арнасын бетонмен қаптау көзделуде. Жоба толық іске асқан жағдайда іргелес жатқан 53,3 мың гектар жерге ағын су жеткізу жақсармақ. «Тұран су» және «Қазсушар» мекеме басшыларына облыстағы механикалық тазалаудан өткен және тазалауды қажет ететін су арналарына қатысты тиянақты сараптама ұсыну жүктелді, — деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық жас зерттеушілер жеңіспен оралды

admin

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары жол жөндеуші мердігерлердің жұмысын сынға алды

admin

Ордабасыда жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылады

admin