The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: үздік ұстазға – самарқанға тегін жолдама, үздік оқырманға – бағалы сыйлықтар

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектебінде 361 оқушы болса, оларға 60 ұстаз білім-тәрбие беруде.

Ерекше атап өтер жайт, мектепте пән бірлестіктері білім көрсеткіштері бойынша өзара жарысқа түскен. Нәтиже бар. Атап айтар болсақ, мектепті бітерген 32 түлектің 4-еуі «Алтын белгі», 3-еуі «Үздік аттестат» иегері атанса, 22 оқушы мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орнына түскен. Білім сапасы жоғары. Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері де жетерлік.

Жуырда пән бірлестіктерінің жұмысы қорытындыланып, мектеп директоры Сарыбаев Әмзе 2024  жылдын үздік ұстазы Шораев Нүриддинге тиісті диплом мен демеушілер есебінен Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласына тегін жолдама табыстады.

Тағы бір жағымды іс – «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектепте оқырмандар байқауы ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы оқу жылының сонына қарай шығарылады. Жеңімпазға демеушілер есебінен дайындалған 2 велосипед және өзге де сыйлықтар тапсырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Азаматтық форум: күн тәртібінде — жастар саясаты

admin

Танымал спортшы әкім болды

admin

Түркістанда бокстан Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық жарыс Аақталды

admin