Сайрам: «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында кездесу өтті

0

Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округіне қарасты Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беру мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге «Қоғамдық Келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сайрам аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Байназар Әлібек, Аналар кеңесінің мүшесі Гулзия Шаллабаева, мәдениет қайраткері, аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Сейдуалы Темірбаев қатысты.

Ә.Байназар өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын.

Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» дейді халық даналығы. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап, оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ – деп өз ойын жеткізді.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.


ПІКІР ЖАЗУ