The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауды меңгерді

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша  күрделі ота жасауда тәжірибе алмасты.

Оталар ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар жақ-бет хирургі Ся-Тун-Чин Руслан Владимирович және ауруханадағы хирург дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға  бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.

Дәрігерлердің сөзінше, күрделі операциялар сәтті өткен. Бет-жақ хирургия емі жасалған балалар отадан кейін медициналық ұйымда дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері  күрделі бет-жақ сүйектері қабынған аурулар мен жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. Жылына орталықта мұндай 560 ота жасалады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі басты назарда

admin

Астана әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі

admin

Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологиялар қолданылады

admin