The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бәйдібек ауданында төрт ауылға табиғи газ берілді

Жыланды, Жоғарғы Боралдай, О.Тайманов, Теректі ауыл тұрғындары үшін 2025 жыл қуанышты жаңалықпен басталды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ауыл тұрғындары көптен күткен табиғи газды салтанатты түрде іске қосты. Бұл игі іс ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтермек.

Сонымен қатар, қаңтар айының соңына дейін Кеңестөбе, Бірлік, Қазата елді мекендерін және жыл соңына дейін Бәйдібек ата елді мекенін табиғи газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде аудан бойынша 36 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады. Ол халықтың 85,8 пайызы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының бюджетіне түсетін салық көлемін ұлғайту жолдары қаралды

admin

Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады

admin

ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында мақта терім науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

admin