The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде табиғи шырын шығаратын цех іске қосылады

Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативі табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуда. Цех қуаттылығы тәулігіне 1 тонна шикі өнімді өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 682 412 500 теңге. Кәсіпкер жеміс өнімдерін сақтайтын 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен аяқтауға жақын. Цех іск қосылғанда алма, шие, қара өрік шырынын дайындауды жоспарлап отыр.

Өндірістік кооператив иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық қарқынды алма бауын еккен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы өсірілген  «Гренни Смит», «Айдаред», «Голден делишес», «Гала» сортты алмаларын еліміздің барлық өңірлерімен қатар, алыс-жақын шетелге экспорттайды.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Амантайұлы цехтың құрылысы, өндірістік кооператив жұмысымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі ардагерлер арасында талқыланды

admin

Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды

admin

Тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі: Азаматтар қанша төлейді?

admin