The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: төлебилік балалар демалыс аймағына барды

Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері  «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа  барды.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.

Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.

Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.

Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

«Энергетикалық қауіпсіздік проблемасын шұғыл шешу керек»

admin

Түркістан облысы: Жетісай қаласының 55 жылдығына орай 55 жасқа келген 55 азамат өз таңдауын жасады

admin

Қазақстанда жастарға 1 млн теңгеден беріледі

admin