The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістандық жас зерттеушілер жеңіспен оралды

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен ХХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті. Оған өңірлерден 2-7 сынып оқушылары қатысты.

Республикалық сайыста Түркістан облысы, Ордабасы ауданының екі оқушысы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, Қараспан ауыл округіндегі Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Қаныбек Амина Абдрасилованың жетекшілігімен «Қараспанның болашағы – ертегі» жобасын және Шұбарсу ауыл округіндегі «Зерде» жалпы білім беру мектебінің оқушысы Кәусар Әбубәкір Бауыржан Сейітқұловтың жеткшілігімен «Қазақстандағы экологиялық туризм: Қорықтар мен ұлттық  парктердің туристік әлеуетін арттыру» жобасын қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 170 оқушы жаңа оқу жылын коттеджде бастады

admin

Шахтадағы апат. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

admin

Сенаторлар халықаралық жүк тасымалы туралы заңды қарайды

admin