The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: облыс тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге алдын ала жазылған облыс тұрғындары фильм жобасы бойынша, кинотеатр көрсетіліміне қолдау көрсету, облысымыздың  спортшысына атақ-дәреже беру, мәдениет үйіне есім беру және «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу, БАҚ-қа қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс мәселелері бойынша өтініштерін айтты. 

Ертай Кенжебекұлы қабылдауға жазылған  облыс тұрғындарының өтініштерін мұхият тыңдап, шешімнің заңды жолдарын түсіндірді. Облыс әкімінің орынбасары көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.

Айта кетейік, облыс әкімінің  орынбасарларының жеке қабылдауы белгіленген кестеге сәйкес өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Түлкібас ауданының мәдениет күндері басталды

admin

Ұлттық банк 270 миллиардты цифрлық теңгеге аударды. Бұл қазақстандықтар мен бизнеске қалай әсер етеді?

admin

Тарих – еріккеннің ермегі емес: Әуесқой тарихшыларға тоқтау қоятын кез келді

admin