The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам ауданының өнерпаздары жүлделі орындарға ие болды

Түркістан облысының Келес ауданында облыстық «Өнер құдіреті – мәңгілік» өнер фестивалі ұйымдастырылып, онда «Ұлы дала әуендері» ұлттық-аспаптар және «Сазды әуен» вокалды-аспаптар ансамбльдері байқауы өтті. 

Байқауға облыс көлеміндегі барлық қалалар мен аудандардан ұлттық-аспаптар ансамбльдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігін, дауыс диапазонын, музыкалық аспапта орындау техникасын, ән мәтіні мен әуеннің мазмұнын, сахна мәдениеті мен киім үлгілерін бағалады.

Бұл өнер сайысына Сайрам ауданының талантты ұжымдары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда «Ақсу» фольклорлық ансамблі І орын иеленіп, өзінің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі мен жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігін дәлелдеді. Сондай-ақ, «Ақсу әуендері» халықтық вокалды-аспаптар ансамблі ІІІ орынға лайық деп танылып, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Бұл жеңіс – аудан өнерпаздарының еңбегінің, мәдениетті дамытуға қосқан үлесінің айқын көрінісі. Байқаудың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, аға буынның өнерін жастарға үлгі ету, мәдени шығармашылықты жандандыру болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Өртенген әйел тірі болып шықты

admin

Депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

admin

Түркістан облысында мұғалімдер интернетке қосылу үшін дала кезіп жүр

admin