The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Арыстық өнерпаздар облыстық байқауда қос бірдей жүлдеге ие болды

Келес ауданында облыстық «Өнер құдіреті-мәңгілік» өнер фестивалі аясында  «Ұлы дала әуендері» ұлт-аспаптар ансамблдер байқауы өтті.

Байқауға облыс көлеміндегі барлық қалалар мен аудандардан келген ұлттық-аспаптар ансамблдері бақтарын сынады.

Бүкіл облыстың өнер майталмандарының басын қосқан шарада арыстық өнерпаздар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарынан құралған «Көркем сазы» тобы қазылар алқасының шешімімен «Келес ауданы әкімінің арнайы жүлдесін» қанжығасына байласа, «Сазды әуен» вокалды-аспаптар ансамблдер байқауында «Арыс» ансамблі дәл осындай нәтижеге қол жеткізіп, қаламыздың мәдениеті мен өнерінің мерейіс үстем етті!

Айта кетейік, сайыс барысында қазылар алқасы жүлделі орынды анықтау үшін үміткерлердің  орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, музыкалық аспапта орындау шеберлігіне, ән мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына, сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне баса назар аударады.

Барша арыстық өнерпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Есімовтің экс-күйеу баласы Jusan Bank-ке қалай 100 пайыз иелік етті?

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында қазақтың дәстүрлі өнеріне арналған облыстық семинар-кеңесі өтті

admin

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясында 19 мәселе қаралды

admin