Арыс: «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

0

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы-көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау бағытында қаламызда «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Орталық Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарына қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов және Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай мен әр саланың жауапты мамандары қатысып, қаланың азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді. Оқу-жаттығуға Азаматтық қорғаудың кіші жүйелерінен арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылды. Жиын аясында қаламызға қарасты Ақтас елді мекені аумағындағы қарғын су жүретін аумақтар арнайы техника күшімен тазаланып, табаны кеңейтілді.

Айта кету керек, аталған іс-шараның мақсаты 2025 жылғы қала аумағын су басу қаупі бар аймақтардағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерді пысықтау болып табылады.


ПІКІР ЖАЗУ