ТҮРКІСТАН: Ордабасыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0

Түркістан облысының тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ордабасы аудандық Мансап орталығы ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге қатысушылар мамандардан кеңес алып, сұхбаттасудан өтіп, еңбек нарығындағы бос орындар туралы ақпарат алды.

Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 32 мекеме тарапынан 84 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде пробация қызметі есебіндегі 1 адам квота бойынша, 1 адам тұрақты жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орнына және 9 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

Сонымен қатар жәрмеңке аясында пробация қызметі есебіндегі азаматтарға жеке қабылдау өтіп, мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау түрлері туралы кеңес берілді.


ПІКІР ЖАЗУ