The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: шырақшыларға қойылатын талап күшейеді

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Киелі орындарында көрсетілетін діни рәсімдер» және «Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

​Зиярат орындарында қызмет көрсететін шырақшылардың қызмет сапасы мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен жиында шырақшыларға қойылатын талаптар күшейтілетіні талқыланып, киелі орындардың айналасын таза ұстап, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау керектігі айтылды.

Іс-шараға облыстық  дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен басқарма қызметкерлері, мәдениет және туризм басқармаларының орынбасары мен бөлім басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар, «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің вице-ректоры,  БАҚ өкілдері қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

admin

Ордабасыда алты айда үш ірі инвест-жоба іске қосылып, тұрғындар жұмыспен қамтылды

admin

Көлік тоқтатқан шымкенттік полицей ұятқа қалды

admin