САЙРАМ: әдеп нормаларын сақтау — басты міндет

Сайрам ауданына Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін атқарушы Нұралхан Шарипов іссапармен келді. Осыған орай аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.
Басқосуды ашып, жүргізіп отырған Айбек Ақылбекұлы мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызмет сапасына байланысты екеніне тоқталды. Оның үстіне мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтауды қажет етіп отқанын тілге тиек етті.
Жиын барысында аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шаралар және «Сайрам тазалық» мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар қаралып, талқыланды.
Мұнан соң Түркістан облысы әкімі аппараты Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін атқарушы Нұралхан Ырысынбетұлы сөз алып, хабарлама жасады. Ол, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған әдептілік нормаларды ұстануға, барынша қарапайым болуға, қызмет барысында қоғаммен байланыс жасауда кішіпейілдік танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырады.