САРЫАҒАШ: тұрғындардың талап-тілектері ескерусіз қалмайды

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек  ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуден алдын аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Арман Абдуллаев  Сарыағаш ауданында  атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жоспарларды атап өтті.

— Сіздердің әрбір өтініштеріңіз назарға алынып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деп Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Кездесу барысында  тұрғындар жайылым жер, мәдениет үйін қайтару, ауыз су  және жеке  мәселелері  бойынша өтініштері мен пікірлерін айтты.

Қабланбек ауылдық  округіне қарасты 7 көшеге орта жұмыстары жүргізіліп, асфальт  төселді. Оған қоса, 20 көшеге шағал төселді. Қанағат елді мекеніне «Ауыл-ел бесігі» ұлттық жобасы аясында 150 орындық мәдениет үйі  және кітапхана салынып,  халық игілігіне табысталды. Қабланбек ауылдық округінде инфрақұрылыммен қамту  жұмыстары қарқын жүргізілді. Осы ретте, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан жаңадан салынған қосымша су айдау насос станциясындағы су құбырларын және су сүзгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, ауылдық округке қарасты елді мекендерде  воркаут және  балалар алаңшаларының құрылыс жүргізіліп, бос уақыттарын тиімді өткізуге,тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуда септігін тигізуде.


ПІКІР ЖАЗУ