«ӘДЕБИ ФИНАЛ – 2024» облыстық қорытынды семинары өтті

0

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын облыстық «Әдеби финал – 2024» семинары өтті.

Жиынды Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып, кітапханашылардың еңбегіне және кітапханалардың маңыздылығын сөз етті.  Сонымен қатар Ұлжан Мұстафаева, Роза Нарымбетова, Несіпкүл Өтебаева және Бақытжан Жармаханұлы бастаған зиялы қауым өкілдері құттықтау сөз алып, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында үздіктер марапатталды. Солардың қатарында өткен жылы оқырмандар арасында жүргізілген жобалар мен байқаулардың да жеңімпаздары бар. Мектеп оқушыларын оқуға тарту, бәсекелестік қабілетін шыңдап, бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «12 айда – 12 кітап» байқауы және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы жүзеге асырылған болатын. Байқау қатысушылары Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқыды. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының  жүлдегерлері 3-орын — Эркинова Рухшона, 2-орын — Қалыбек Айзере, 1-орын — Аминолла Дильназ және бас жүлде иегері Уәлихан Жанерке , «12 айда – 12 кітап» байқауының жүлдегерлері 3-орын — Салханова Шахсанам,  2-орын — Орынбасар Арайлы, 1-орын — Асылтай Кәусар және бас жүлдегер иесі — Жүсіп Зәмзәм арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жоба жетекшілері де басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Кітапхананың үздік оқырмандары да назардан тыс қалмады. «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапхананың» үздік оқырманы Түркістан облыстық білім басқармасы, Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Биболова, «Қуаныш» сауда орталығындағы жылжымалы кітапхананың «Үздік» оқырманы Ататүрік мектебінің 7-сынып оқушысы Бекжан Айша және «Алтын формуляр» иегері  Орақбаева Светлана марапатталды.

«Үздік аудандық кітапхана-2024» иегері Созақ және Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне беріледі. Ал «Үздік ауылдық кітапхана-2024» мәртебесі Келес ауданының Ошақты ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе ауылдық  кітапханасына бұйырды.

Біршама кітапхана директорлары «Кітапхана саласының үздігі» және «Ғажайып Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.


ПІКІР ЖАЗУ