The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Мақтааралда жаңа босанған аналар мен сәбилерге сый-құрмет көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай жаңа босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Ізгі шара барысында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов аудандық «Мырзакент» және «Атакент» ауруханаларының перзентхана бөлімінде дүние есігін жаңа ашқан нәрестелер мен олардың аналарына арнайы барып, құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – жаңа босанған аналарға қуаныш сыйлау, оларды қолдау және аналық мейірімділік пен отбасы құндылықтарын дәріптеу.Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов шара барысында:

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында дүниеге келген сәбилеріміз еліміздің болашағына өз үлесін қосатын азаматтар болып өссін. Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық, береке тілейміз!» – деп, өз лебізін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

АШМ: Астық қоймаларын су басып жатқаны туралы ақпарат бар

admin

Шахтинскіде қасақана өрт қойды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

admin

Түлкібас ауданында су шаю қауіпі бар 4 шақырымға жуық өзен бойы бекітілген

admin