The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

«Рұқсатың керек емес, кімсің сен?» – Нұрлан имам ауыз бекіткен жұптар туралы айтты

Әлеуметтік желіде Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы ораза ұстайтын жұптарға қатысты пікір білдірді. Нұрлан имамға оқырмандардың бірі  Күйеуім «ораза ұстау үшін менен рұқсат сұрадың ба?» деді. «Сонда әйел рұқсат сұрауы керек пе?» деген сауал қойған.

«Сұлтан Сүлеймен, рұқсат бересің бе?» деп айтып қой, мәз болып қалсын. Негізі рұқсат керек емес. Бірақ менің бұл сөзімді естіп алып, күйеуіңе: «рұқсатың керек емес екен, кімсің сен?» деп сөзге келіп қалмаңдар. Шариғатта жазылған екен деп, артық кетудің қажеті жоқ. намаз оқу үшін, ораза ұстау үшін ер адамның рұқсаты шарт емес, бірақ бұл дегеніміз айтпа, ескертпе дегенді білдірмейді. Одан да жылы сөйлеп, «сенің рұқсатыңды алуым керек еді, кешірерсің» дей сал. Ола да мәз, сенің де құлағың тыныш, — деді Нұрлан имам.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының 2040 жылға дейінгі дамуының жаңа бағыты айқындалды

admin

Жолдау жүктеген міндеттер: президент тапсырмалары Түркістан облысында қалай орындалады?

admin

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотека бағдарламасы қайта іске қосылады

admin