The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

8 наурыз: Қазақстандықтар іздеу жүйесінен нені көп сұрайды?

8 наурыз қарсаңында Yandex Qazaqstan қазақстандықтардың интернетте ең көп іздейтін сұраныстарын зерттеді. Бұл зерттеуде мереке туралы қандай сұрақтар қойылатыны, кімдерге сыйлық әзірленетіні және адамдар мерекеге қалай дайындалатыны анықталды. 

Сарапшылар сұраныстардың танымалдығын 100 балдық шкала бойынша бағалап, олардың жиілігіне қарай рейтинг жасады. Сондай-ақ, Яндекс іздеу жүйесіндегі нейрожүйе 8 наурызға қатысты ең танымал сұрақтарға қандай жауаптар беретінін талдады.

8 наурыз туралы ең танымал сұрақтар.

  1. 8 наурызда не сыйлау керек?
  2. Бұл мерекені кім ойлап тапқан?
  3. 8 наурызға дейін қанша күн қалды?
  4. 8 наурызда демалыс қалай болады?
  5. Қай елдерде 8 наурыз тойланады?

Пайдаланушылар 8 наурызда кімге қандай сыйлық сыйлау керек екенін де жиі іздеген. Ең танымал сұраныстар:

  • Анама қандай сыйлық алсам болады?
  • Әріптестеріме не сыйлаған дұрыс?
  • Қызға (сүйіктіме) қандай сыйлық жасауға болады?
  • Жұбайыма (әйеліме) не сыйласам болады?
  • Сыныптастарыма қандай сыйлық беру керек?

Адамдар 8 наурызға арналған мынадай материалдарды ең көп іздеген:

  1. Ашық хаттар
  2. Суреттер
  3. Өлеңдер
  4. Әндер
  5. Қолөнер бұйымдары (поделки)

Бұл зерттеу қазақстандықтардың 8 наурыз мерекесіне қалай дайындалатынын және кімдерге ерекше көңіл бөлетінін көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Закон и порядок»: день открытых дверей провела для школьников столичная прокуратура

admin

Оңтүстіктен Оралға келген елу шақты адам уәде етілген жұмысқа орналаса алмады.

admin

СІМ-де Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

admin