Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде қандай шаралар жасалуда

Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Оларды қорғау үшін 590 км қорғаныс бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 822 км дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп салынды.
Автомобиль және теміржол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 км жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан босатылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.
Алматы облысында су тасқыны қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізілді. Бағыт Бартоғай су қоймасы, Ақтоған ауылы, Масақ ауылы, Іле өзенінің 164-ші км, сондай-ақ Бақанас, Бақбақты және Жиделі елді мекендерін қоса алғанда, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелері арқылы өтті. Мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп өзендерге, су қоймаларына және қар жамылғысына аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Мониторинг нәтижелері бойынша су объектілерінің жай-күйіне және қар қорының деңгейіне баға берілді, сондай-ақ су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірленді. Департамент алдын алу шараларын қабылдауды жалғастыруда және гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоя отырып, жағдайды бақылауда ұстайды.
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жүйелерді қардан тазарту жұмыстары облыс көлемінде және қаланың барлық аудандарында жүргізілуде.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ТЖМ құтқарушылары, 20982 әскери бөлімінің, 30238 әскери бөлімінің қызметкерлері және Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары «Алтын Орда» шағын ауданында каналдарды, нөсер және су өткізу құбырларын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 1,5 м тереңдікте 3 км қар тазартылды.
Сондай-ақ Елек өзеніндегі мұз кептелістерін алдын ала жоюдың алдын алу мақсатында демалыс орындары орналасқан ауданда мұз кептелістерін алдын ала жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өзен арнасында жарылғыш заттардың көмегімен 5 мың шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бүкіл қала бойынша ұзындығы 55 км асатын ашық және жабық суағар жүйелері бар.
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында Үбі өзенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері «Мұзды жару бойынша» операциялар жүргізді.
Жоспарлы жарылыстар өзендер тарылатын немесе арналары күрт өзгеретін жерлерде күркіреді. Сонымен қатар тіректерге қысымды азайту үшін көпірлер аймағында мұзды ұсақтау жүргізілді.
Мұз бетін бөлшектеу арқылы мамандар мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермейді. Жұмыстың жалпы ауданы 10620 шаршы метрді құрады.
Жетісу облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, алдын алу шаралары жалғасуда. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес қар жамылғысының деңгейі мен топырақтың ылғалдылығы былтырғы көрсеткіштерден асып түседі, бұл жоғары бақылауды қажет етеді. «Қазгидромет» алдын ала болжамы бойынша су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатады. Орташа қауіпті аудандарға – Панфилов және Сарқан, төмен тәуекелге – Талдықорған, Қаратал және Ақсу аудандары.
Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 17 км су бұру каналдары, 10,6 км өзен арналары, 4,7 км каналдар тазартылды және тереңдетілді, 400 м қорғаныс бөгеттері жөнделді және салынды, 3892 км арықтар, 823 км каналдар, 3195 су өткізу құрылыстары тазартылды.
1563 құтқарушы, 415 бірлік техника, 189 мотопомпалар, 28 жүзу құралдары дайындыққа келтірілді. 136 мың қапшық, 16 мың тонна инертті материалдар, 112,5 тонна ЖЖМ қоры қалыптастырылды. Эвакуациялық пункттер дайындалды.
Су тасқыны қаупі бар 47 елді мекеннің 44-і су басу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Малайсары, Қоңырөлең, Сұптай үш ауылында жұмыстар жалғасуда.
Қостанай облысында дайындық шаралары белсенді жүргізілуде. Өңірдің барлық аудандарында профилактикалық жұмыстар күшейтілді, су құбыры жүйелері тазартылды, инертті материалдар дайындалуда. Облыстың барлық аудандарында қар шығару жұмыстары жалғасуда. Су өткізгіш құбырлар, арықтар мен каналдар тазартылып, өзен арналарын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бөгеттер мен қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, тиісті шаралар қабылданады. Құтқарушылар су тасқынына тап болған жағдайда тұрғындардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 50 әскери қызметші мен 5 техникасы Абай облысынан Қостанай облысына жіберілді.
Әскери қызметшілер су тасқынының ықтимал салдарын жою және қорғаныш құрылыстарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізеді. Өзен арналарын тазартуға, бөгеттер салуға көмек көрсетеді. Қабылданған шаралар өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және материалдық залалды азайтуға бағытталған.
Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендерді қорғау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетовпен бірлесіп Петропавл және Қызылжар аудандарында айналма арналар құрылысының барысы және қорғаныш бөгеттерін нығайту жұмыстары тексерілді.
Бұл ауданда қауіпті аймақта Соколовка, Большая Малышка және Вагулино ауылдары бар. Су тасқыны қаупін азайту үшін Соколовканың маңына жаңа канал тұрғызылып, Есіл өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізілуде.
Бұл шаралар елді мекендерге жақын өзеннің өткізу қабілетін арттыруға көмектеседі. Петропавл су торабы ең жоғары су тасқыны кезінде арнаның тарылуына байланысты судың қажетті көлеміне төтеп бере алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін Заречный кентінің айналасындағы бар ескі арнаны пайдаланып, ұзындығы 3,7 км айналма канал салынуда. Ол ерте кезеңдерде тасқын судың уақтылы төгілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Ущева бөгені мен Кожевный кентінің маңында нығайту жұмыстары жалғасуда. Шағын аудандарды су тасқынынан қорғау үшін темірбетон плиталары төселеді, бұл бөгеттердің тұрақтылығын едәуір арттырады және олардың шайылып кетуіне жол бермейді.
Сонымен қатар облысқа Қарағанды қаласынан ТЖМ 52859 әскери бөлімінің тобы келді. 50 әскери қызметші мен 5 техникадан тұратын бөлімше Қызылжар ауданы Бескөл ауылының аудан орталығында орналасқан. Топтың жеке құрамы жергілікті атқарушы органдармен, ТЖД қызметкерлерімен және өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдармен бірге Бескөл өзенінің тасқын суларынан қорғайтын бөгетті нығайту жөніндегі инженерлік іс-шараларға кіріседі.
Бұл өңірлерге осындай маңызды іс-шараларға көмек көрсету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысына келген алғашқы бөлімше.