The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалық

Путин мен Трамптың кездесуі өтеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі таяу айларда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында айтты, деп жазады РИА Новости. Менің ойымша, олар алдағы бірнеше айда кездеседі, – деді Уиткофф.

Оның айтуынша, Ресей президентімен өткен кездесуден кейін ол Путин туралы оң пікір қалыптастырған. Уиткофф Путиннің америкалық делегацияны қабылдауда ерекше ілтипаттылық танытқанын атап өтті.

Сондай-ақ Уиткофф Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай ілгерілеу болғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл: облыс әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесті

admin

Түркістан облысы: ақ жаулықты әжелер референдумда дауыс берді

admin

Көпқабатты 15 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

admin