The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

28 сәуірде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетін болды

 Канада Премьер-министрі Марк Карни елде 28 сәуірде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешімін ол азаматтардан өзінің саясатын жүзеге асыру үшін “күшті және оң мандат” алу қажеттілігімен түсіндірді.

Карни үкімет басына бір апта бұрын ғана келгенімен, көптеген сарапшылар оның тез арада сайлау жариялайтынын болжаған еді. 

Қазіргі уақытта билікте 2015 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Либералдық партия тұр. Алайда осы уақыт ішінде оның танымалдығы айтарлықтай төмендеді. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекеттері, әсіресе Канадаға қарсы енгізілген тарифтер мен аннексиялық қауіптер, канадалықтар арасында патриотизм толқынын тудырды. Бұл күтпеген жерден либералдарға оппозициялық Консервативтік партиямен арадағы айырмашылықты азайтуға көмектесті.

Қысқа баспасөз конференциясында Карниден Трамппен сөйлескен-сөйлеспегені сұралды. Ол әлі сөйлеспегенін айтты, бірақ “өзін қорғауға толық қабілетті” екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ-пен қарым-қатынастағы негізгі шарт Канада егемендігін мойындау екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Сауд Арабиясы Умраға барған палестиналықтардың елде қалуына рұқсат берді

admin

Трамп Иранға неге қызығып отыр?

admin

Ресей думасына Украинаны «террористік мемлекет» деп тану туралы заң жобасы түсті

admin