The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Заңсыз тексеру жүргізгендерге айыппұл салынды

 Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдаумен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексеру фактісін анықтады. Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесімен кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

Осылайша, Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған. 

Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Көмекке бөлініп жатқан ақша жіті қадағаланады

admin

Қазақстанның үш дипломаты Ираннан Әзербайжанға эвакуацияланды

admin

Түркістан облысының әкімі Қытай делегациясымен кездесті

admin