The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл жаздың қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында министр жыл басынан бері 32 орман өрті тіркелгенін айтты.

Өрттердің жағдайына келетін болсақ, жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га жететін 32 орман өрті тіркелді, – деді министр.

Ведомство басшысы жергілікті атқарушы органдарды сақ болуға шақырды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет, – дейді Нысанбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді

admin

Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

admin

2026 жылы жәрдемақы өседі: Кім қанша алады?

admin