The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықДенсаулық

Адамның әдемі болуына әрі ұзақ жасауына әсер ететін тағамдар аталды

 Сидней университетінің ғалымдары 1961-2018 жылдар аралығында әлемнің 101 елінен алынған деректерді зерттеп, өсімдік ақуызы ересектердің өмір сүру ұзақтығымен тікелей байланысты екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зерттеу Nature Communications журналында жарияланды.

Мамандар жануар және өсімдік ақуыздарының денсаулыққа әсерін салыстырған. Нәтижесінде, 5 жасқа дейінгі балалар үшін ет, жұмыртқа, сүт секілді жануар тектес өнімдер өлім-жітімді азайтатыны белгілі болды. Ал ересектерде керісінше – өсімдік ақуызының көп болуы ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.

Мәселен, өсімдік ақуызы көп тұтынылатын Үндістан секілді елдерде халықтың орташа өмір жасы АҚШ пен Аргентина сияқты жануар ақуызы басым елдерге қарағанда жоғары екені анықталды. Зерттеу барысында табыс деңгейі мен халық саны да ескерілген.

Ғалымдар атап өткендей, өсімдік ақуызы бұршақ, жаңғақ, тофу мен дәнді дақылдарда кездеседі. Бұл өнімдерді тұтыну жүрек-қан тамыр аурулары, диабет пен қатерлі ісік қаупін азайтады. Осындай азық-түліктер негізінде тамақтанатын жандар жапондық Окинава аралында, грек аралы Икарияда және АҚШ-тағы Лома-Линда қаласында көптеп кездеседі – бұл өңірлер ұзақ өмір сүретін адамдарымен танымал.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар қызын зорлады деген күдікпен өгей әке ұсталды

admin

Жеке куәлік пен паспортты қанша теңгеге жасатамыз?

admin

Cу тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға қандай үй беріледі?

admin