Ат спортынан қазақстандықтар Ташкентте өткен турнирде сәтті өнер көрсетті

0

Ташкент қаласында (Өзбекстан) конкур бойынша Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық сериясы мен Әлем кубогының кезеңдері өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлемдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғады. Қазақстандықтардың нәтижесі төмендегідей:

— Ксения Баталова – әртүрлі биіктіктегі кедергілер бойынша үш күміс медаль (120 см, 160 см, 140 см);

— Олег Соболенко – бір күміс (125 см), сондай-ақ командалық жарыста қола жүлде;

— Нұрила Тұрысбекова – бір күміс (130 см), екі қола (130 см және командалық жарыста);

— Даяна Онаева – командалық жарыста қола медаль;

— Бекжан Байжанұлы – бір күміс (130 см), бір қола (командалық жарыста).

Ташкенттегі жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 43 спортшы қатысты. Еуразиялық лига күнтізбесіне енген бұл кезең халықаралық маусым үшін аса маңызды болып саналады.


ПІКІР ЖАЗУ