Жылыту маусымы: Қазақстанға 7,7 млн тонна көмір қажет

0

 Алдағы жылыту маусымы үшін Қазақстанға 7,7 млн тонна көмір қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Айтуынша, көмір өндіруші кәсіпорындар ағымдағы жылғы 7 айда 61,4 млн тонна көмір өндірген. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,2 млн тонна, энергетикалық кешендерге 37,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді 1,6 млн тонна, экспортқа 18,2 млн тонна.

Барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көмірмен қамтамасыз етуге келетін болсақ, нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, халық пен бюджеттік ұйымдардың көмірге қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жоспар әкімдіктерге орындауға берілді. Мәселен, алдағы жылыту маусымына көмір өніміне қажеттілік шамамен 7,7 млн. тоннаны құрайды, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр бүгінгі таңда шамамен 2,2 млн тонна жеткізілді деп отыр.

Әкімдіктердің мәліметінше, оны өткізу орындарындағы көмірдің жалпы қоры 434 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар барлық әкімдіктер қорларды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілмейтінін атап өткім келеді. Дегенмен, қазір өңірлердің көмірді алдын ала дайындауы бойынша белсенді кезең жүріп жатыр. Жалпы, көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ жоспарларға сәйкес өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын, — деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда көмір бағасының қымбаттау ықтималдылығына қатысты айтқан еді.


ПІКІР ЖАЗУ