The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Алматыдағы жылу электр орталығы газға қашан көшеді?

 Алматыдағы жылу электр орталығын газға ауыстыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жоба 2026 жылы желтоқсанда мәресіне жетеді.

Жобаның аяқталуы кешіктірілмейді деп жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бар, соған сәйкес мерзімі сақталуы керек, — деп атап өтті вице-министр.

Алматы ЖЭО газға ауыстыру жобасы ерекше бақылауда екені айталды. Нысандағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жабдықтардың бір бөлігі жеткізіліп, алғашқы турбинагенераторлардың монтажы жүргізілуде.

Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында іске қосу шаралары орындалады. Одан кейін негізгі жабдықтарды орнатудың белсенді сатысы басталады.

Айта кетейік, станцияның газға ауысуы Алматының экологиясын жақсартудағы негізгі қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. 

Сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудің бір тәсілі ретінде қолға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық ауылдарды дағдарыстан шығарудың жолдары анықталды

admin

Су ресурстары және ирригация министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

admin

Шымкент: Қаратау ауданында 15 көше жөндеуден өтті

admin