The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қайтарылған активтер есебінен су инфрақұрылымы жаңартылды

 Алматыда  заңсыз шығарылған активтер есебінен сумен жабдықтайтын тоғыз жоба іске асып жатыр. Бүгін соның алғашқысы аяқталды. Алатау ауданының Ақбұлақ шағын ауданында жаңадан 3 шақырым су жүйесі мен 7 шақырым кәріз жүйесі тартылып, қолданысқа берілді. Осылайша 170 үй орталықтандырылған жүйеге қосылды.

Ал жақын күндері Боралдай шағын ауданындағы 50 шақырым жерге инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталады. Еске сала кетейік, Президент тапсырмасына орай заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандарды салу көзделген. Сонымен қатар жол мен ауыз су мәселесін  шешуге жұмсалады.

Абай Топарбай, Алатау аудандық Инженерлік жол инфрақұрлымы бөлімінің басшысы: — Алатау ауданында қайтарылған активтерден екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі Боралдай шағын ауданында, екіншісі мына Ақбұлақ шағын ауданында. Ақбұлақ шағын ауданында қайтарылған активтердің қаржысы 600 млн теңге. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталып, мердігер бізге тапсырыс жұмыстарын атқарып жатыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/726411-kajtarylgan-aktivter-esebinen-su-infrakurylymy-zanartyldy

https://youtu.be/H04HiBf2UUo

Ұқсас жаңалықтар

Бас прокуратура Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады

admin

Шымкентте медицина жиһаздарын шығаратын зауыт іске қосылады

admin

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «жұмысшы мамандықтар жылына» орай ашық есік күні өтті

admin