The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылады

2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Алматыда заманауи электроавтобустар қызмет көрсететін жаңа №90 автобус бағыты жұмысын бастайды.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, №90 бағыттағы автобус Абай даңғылы бойымен – К.Медеубеков көшесінен Республика сарайына дейін қатынайды.

Бұл жаңа бағыт Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Шұғыла шағынаудандары тұрғындарының қатынасын жеңілдетеді.

– Бағытта ұзындығы 12 метрлік «Golden Dragon» маркалы электроавтобустар қызмет көрсетеді. Олар дыбыссыз жүріп, салқындатқыштармен, бейнебақылау камераларымен, USB-ұяшықтарымен, жүргізушіні қадағалау жүйелерімен және өзге де заманауи құралдармен жабдықталған, — деп хабарлады басқарма.

Жолаушыларды «Алматыэлектротранс» коммуналдық кәсіпорны тасымалдайды.

Күн сайын жолға 25 автобус шығып, қозғалыс аралығы 4 минут болады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғызстан «Кеген» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қаракөл-Алматы-Қаракөл бағыты бойынша халықаралық автобус бағытын қалпына келтіретінін жазғанбыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте автомобиль шыныларын өндіретін зауыт жұмыс жасайды

admin

Медициналық сақтандыру жүйесінде әр азаматқа жеке жинақтау шоты ашылмақ

admin

«Цифрлық айна» пилоттық жобасы іске қосылды

admin